24.02.2022, 17:02 26381
ҚР 24 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы "сары" аймаққа ауысты
Сурет: pixabay.com
Достарға айту
Қазақстанда өткен тәулікте 566 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 43;
Алматы қаласында - 158;
Шымкент қаласында - 6;
Ақмола облысында - 28;
Ақтөбе облысында - 6;
Алматы облысында - 21;
Атырау облысында - 9;
ШҚО-да - 36;
Жамбыл облысында -11;
БҚО-да - 20;
Қарағанды облысында - 47;
Қостанай облысында - 44;
Қызылорда облысында - 6;
Маңғыстау облысында - 15;
Павлодар облысында - 47;
СҚО-да - 68;
Түркістан облысында - 1.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 566 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 261 996 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
24 ақпанға КВИ-ден 26 249 адам (25 174 КВИ+ және 1 075 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 3 326 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 22 923 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 197 пациент,
- аса ауыр халде – 88 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 77 пациент бар.
2022 жылғы 23 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар 46 пневмонияның жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 66 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 983, өлім - 5 333, сауыққандар - 81 575.
Қазақстанда 2022 жылғы 23 ақпанда I компонентпен 9 367 506 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 961 969 адам вакцинацияланды.
"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы қ., Қостанай, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.12.2025, 11:53 25021
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Түзелу жолы" гайд-турын ұйымдастырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында есепте тұрған адамдар үшін "Түзелу жолы" деп аталатын шынайы әрі қажет гайд-тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Іс-шара ШҚО ҚАЖД №17 мекемесінің базасында өтті, онда пробациялық және профилактикалық есепте тұрған азаматтар темір тордың ар жағындағы өмірмен өз көздерімен танысты.
Гайд-турдың басты мақсаты - есептегі азаматтарға заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және өмірлік бағыт-бағдарын түбегейлі өзгертуге көмектесу.
Тур барысында қатысушылар заң бұзғандардың қандай салдарға тап болатынын және қандай қатал жағдайларда өмір сүретінін өз көздерімен көрді. Бұл олардың қателіктің құны қандай екенін түсінуге мүмкіндік берген көрнекі сабақ болды.
Гайд-тур кезінде прокурорлар ең маңызды жайттарға назар аударды:
- Құқықбұзушылықтың алдын алу: Заңды қайталап бұзудың оқшаулауға әкелу себептері.
- Жазаның бұлтартпастығы: Заңсыз әрекеттердің болашаққа және өмірлік мақсаттардың жүзеге асуына қалай қауіп төндіретіні.
Сонымен қатар, олардың санасында оң өмірлік құндылықтарды, заңға құрметпен қарауды және конструктивті жолды таңдауды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 22:24 691
Домбыра мен саксофонның гармониясы: Брюссельде шырқалған ерекше музыкалық диалог
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бельгия астанасында Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі Алматы облысы әкімдігінің "Алатау әуендері" концерт ұйымының қолдауымен ұйымдастырған ерекше концерт өтті. Іс-шара композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толуына арналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Концерт Шығыс пен Батысты тоғыстырған мәдени көпірге айналып, Бельгия Парламентінің депутаттарын, еуропалық институттардың өкілдерін, дипломаттарды, мәдениет қайраткерлерін және қазақ диаспорасын бір арнаға жинады. Алғашқы минуттардан-ақ қонақтар музыкалық диалог атмосферасына енді: Бельгияда пайда болған саксофон қазақ музыкалық дәстүрінің символы - домбырамен үндесті. Екі аспаптың үйлесімі елдер арасындағы достық пен көпжылдық серіктестіктің жарқын көрінісіне айналды.
Музыка шекара танымайды. Бұл концерт - мәдени диалогтың байланыстарымызды нығайтып, серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашатынының айқын дәлелі", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко.
Концерт бағдарламасына Нұрғиса Тілендиевтің түпнұсқа және заманауи аранжировкалардағы шығармалары, сондай-ақ Брюссель концертiне арнайы әзірленген жаңа интерпретациялар енді. Орындаушылар саксофон, домбыра, прима-қобыз және басқа да аспаптарды шебер үйлестіріп, кәсіби аудиторияның жоғары бағасына ие болған ерекше музыкалық палитра жасады.
Концерт Н.Тілендиев мұрасына құрмет қана емес, сонымен қатар Еуропадағы Қазақстанның мәдени дипломатиясын дамытудағы маңызды кезең болды. Шарадан кейін қатысушылар жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын талқылап, мұндай бастамалар гуманитарлық байланыстарды нығайтып, шығармашылық алмасуды жандандыратынын және халықтар достығының дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 16:44 31656
Жастар қауіпсіздігіне арналған "Студенттер заң үшін" галстуксыз форматтағы форум
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайдыШығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Ерекше назар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда. Өйткені олар жеткіліксіз хабардар болуына немесе "әдемі өмірдің" арбауына түсу қаупіне байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылып кетуі мүмкін.
Әңгіме алаяқтық, дропперлік, есірткі қалдыру, сондай-ақ буллинг пен лудомания сияқты қылмыстар туралы болып отыр. Осыған байланысты кезекті іс-шара, ашық диалог форматында 3 университет пен 20 колледждің студенттерімен өткізілді. Кездесу "галстуксыз" ашық диалог форматында қызу өтті.
Диалогтың негізгі ұрандары: "Заң мен тәртіп әр адамнан басталады", "Құқықтық тәртіп - дамыған қоғамның кепілі", "Жастар - Қазақстанның болашақтың заңды мұрагерлері".
Студенттер мен олардың кураторлары прокурорларға, Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығына, қала әкімінің орынбасарына түрлі тақырыптарда белсенді түрде сұрақтар қойды.
Аудиторияны негізінен интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқылмыстар, өзге тұлғаларға ИП ашу тәуекелдері, сондай-ақ банк карталарын бөгде адамдарға беру мәселелері қызықтырды.
Жеке деректердің таралуы, балаларды тыйым салынған контенттен қорғау, облыс орталығы көшелерінің абаттандырылуы мен жарықтандырылуы сияқты сұрақтар да көтерілді.
Барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, анонимді форматта блиц-сауалнама жүргізіліп, студенттер қағаз жүзінде және QR код арқылы 100-ден астам сұрақ пен ұсыныс жолдады.
Студенттерді прокуратурада жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар, медициналық қызмет сапасын арттыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Жекелеген сұрақтар мен ұсыныстар сол жерде талқыланып, пікірлер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша әрбір білім беру мекемесінде студенттік "Заң. Тәртіп. Болашақ" қозғалысын құру туралы шешім қабылданды. Бұл қозғалыс студенттер қауымдастығының құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысуға бағытталған. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 15:16 1026
Ослода Қазақстан киносы күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025 жылғы 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясымен бірлесіп, Осло қаласында "Қазақ киносының күндерін" ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама аясында отандық фильмдер - "Жаужүрек мың бала", "Ана туралы аңыз" және "Районы" көрсетілді.
Көрсетілімдер Норвегия астанасының орталығында орналасқан белгілі мәдени орталықтардың бірі - Cinemateket (Norsk Filminstitutt) кинотеатрында өтті.
Кинокөрсетілімдердің тұжырымдамасы Қазақстан тарихын әр түрлі кезеңдерде - мемлекеттік қалыптасу дәуірінен бастап қазіргі әлеуметтік шындықтарға дейін - көрсету идеясына негізделді.
Көрсетілімдерге Норвегияның ресми, іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, сондай-ақ студенттер, дипломатиялық миссия қызметкерлері және қазақ диаспорасы қатысты.
Іс-шара жергілікті көрермендердің Қазақстан тарихына, оның мәдени дәстүрлері мен қазіргі қоғамына деген шынайы қызығушылығын тудырып, екі ел арасындағы диалогты дамытудағы мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.
Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Норвегия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды шаралардың бірі болып, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына серпін берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 21:04 16031
Қазақстан Жасыл климат қорының басшысын Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке шақырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов "Жасыл климат қорының" (GCF) Атқарушы директоры Мафальда Дуарте GCF Достары тобының кезекті отырысы аясында кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар экология саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ү.ж мамырда М.Дуартенің Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері талқыланды. Сапар аясында GCF басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Саран қаласындағы күн электр станциясына барған болатын.
Қазақ дипломаты Қор басшысына Мемлекет басшысының 2026 жылғы сәуірде Астанада БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен өтетін Аймақтық климаттық саммитке ресми шақыруын табыстады.
М.Дуарте Қазақстанмен экология және климат өзгерісі саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті.
Тараптар одан әрі ықпалдастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті. Қазақстанның GCF-пен өзара іс-қимыл тәжірибесі құны 216,5 млн АҚШ долларын құрайтын 5 жобаны қамтитынын атап өткен жөн.
Жасыл климат қоры" (GCF) 2010 жылы Канкун келісімдері аясында климаттың өзгеруіне бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша дамушы елдерді қолдау үшін құрылған. Қор БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (UNFCCC) және Париж келісімінің қаржылық тетігі болып табылады.
2015 жылы алғашқы жобаны қаржыландыру мақұлданған сәттен бастап, GCF бүгінде 100-ден астам жобаны қамтитын ауқымды портфель қалыптастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 19:59 16261
Ыстанбұлда жаңа академиялық және ғылыми-зерттеу альянстарын құру перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ыстанбұлда Түркияның жетекші университеттерінің 25-тен астам ректорлары мен өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауына арналған кеңейтілген дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстанның стратегиялық басымдықтарын іске асыруда жоғары білім мен ғылымның рөлін талқылайтын сараптамалық алаңға айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Пікір алмасу барысында Мемлекет басшысы айқындаған бастамалар - жасанды интеллектті дамыту, өнеркәсіпті цифрлық жаңғырту, экономиканың тұрақтылығын арттыру және білім беру стандарттарын трансформациялау жөнінде жан-жақты шолу ұсынылды.
Қатысушылар Жолдау жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру және адами капиталды нығайту жөніндегі айқын бағытты көрсететінін атап өтті.
Кездесуде Қазақстан мен Түркия университеттері арасында жасанды интеллект, цифрлық зерттеулер және инновациялық экономикаға бағытталған жаңа академиялық және зерттеу альянстарын құру мәселесі талқыланды. Түрік ғалымдары Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауы ғылым мен технологиялардың жаһандық даму үрдістеріне толық сәйкес келетінін атап өтті.
Ерекше назар болашақ салалар үшін мамандар даярлау, ғылыми инфрақұрылымды жетілдіру және екі ел университеттерін өңірдің ортақ инновациялық экожүйесіне интеграциялау мәселелеріне аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға және Жолдауда қойылған міндеттердің орындалуына ықпал ететін бірлескен бағдарламаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 17:18 66371
"Shymbulak"-та қысқы маусым ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда қысқы туристік маусым басталды. Қала жыл бой туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, ал таулы аймақтарға қызығушылық жазда да, қыста да тұрақты түрде жоғары. 2025 жылы қаңтар-қараша айларында Іле-Алатау ұлттық саябағына 901 мың адам, ал қаңтар-қазан аралығында Shymbulak курортына 1,1 млн турист келген. 2025 жылдың жазында Shymbulak 450 мыңнан астам қонақты қабылдады. Бұл таудағы демалысқа деген сұраныстың жыл бойына жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қысқы кезеңдегі басты туристік нысан дәстүрлі түрде - 6 желтоқсанда маусымды ресми түрде ашқан Shymbulak тау-шаңғы курорты. Курорт Орталық Азиядағы жетекші бағыттардың бірі саналады. Өткен маусымда мұнда 1,5 млн адам келді, ал халықаралық басылымдар Shymbulak-ты әлемдегі ең үздік 5 тау шаңғысы бағыттарының қатарына енгізді.
Жаңа маусымда Shymbulak туристік белсенділік аясын кеңейтеді. Le Mont алаңында әр сенбі сайын күндізгі après-ski өтеді. Қазірдің өзінде Талғар, Жасыл Алаң, Ақ Аю және Ақбарсық трассалары ашық. Қосымша беткейлер мен Талғар асуынан түнгі сырғанау алаңдары ауа райы тұрақты суытқан сәттен бастап іске қосылады.
2025 жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келді, ал жыл соңына қарай олардың саны 750 мың адамға дейін артпақ. Осы жағдайды ескере отырып Shymbulak қонақтарды қабылдауға толық дайын: бес ай бойы шаңғы маусымы, мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы және таудағы демалысқа ыңғайлы инфрақұрылым ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 13:54 87126
Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. "Авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру" немесе "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.12.2025, 14:10Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды 09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды132116Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 16:01 124436Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 15:04 124196Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады11.12.2025, 12:38 124161Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда
19.11.2025, 16:26 146996Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146651Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145841Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 14:10 132306Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды132116Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

