25.10.2021, 17:41 15849

ҚР 25 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: Алматы COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақтан шықты

НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАЗАН - 2021 жылғы 24 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 929 784 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 573 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 157;
 
Алматы қаласында - 231; 
 
Шымкент қаласында - 21; 
 
Ақмола облысында-134; 
 
Ақтөбе облысында-25; 
 
Алматы облысында - 137; 
 
Атырау облысында - 24; 
 
ШҚО-да - 102; 
 
Жамбыл облысында - 25; 
 
БҚО-да - 35; 
 
Қарағанды облысында - 142; 
 
Қостанай облысында - 112; 
 
Қызылорда облысында - 26; 
 
Маңғыстау облысында - 17; 
 
Павлодар облысында - 230; 
 
СҚО-да - 140; 
 
Түркістан облысында - 15.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 176 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 872 979 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 қазанға КВИ-ден 50 923 адам (44 854 КВИ+ және 6 069 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 9 004 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 41 919 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 636 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 160 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 110 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 24 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 951 өлім жағдайы тіркелген. 23 қазан күні КВИ-ден 20 адам қайтыс болды. 
 
23 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 75 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 78 771, өлім – 5 006, сауыққандар – 67 696. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 24 қазанға I компонентпен 8 168 114 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 329 137 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қ., Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны