29.11.2021, 18:58 12098

ҚР 29 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 795 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 29 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 795 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: kyiv.comments.ua
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚАРАША - 2021 жылғы 28 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 970 887 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 112, 
 
Алматы қаласында - 65, 
 
Шымкент қаласында - 7, 
 
Ақмола облысында - 75, 
 
Ақтөбе облысында - 14, 
 
Алматы облысында - 34, 
 
Атырау облысында - 13, 
 
ШҚО-да - 41, 
 
Жамбыл облысында - 11, 
 
БҚО-да - 11, 
 
Қарағанды облысында - 106, 
 
Қостанай облысында - 99, 
 
Қызылорда облысында - 5, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 92, 
 
СҚО-да - 103, 
 
Түркістан облысында - 5.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 827 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 934 813 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
29 қарашаға КВИ-ден 26 991 адам (23 396 КВИ+ және 3 595 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 5 809 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 21 182 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 396 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 119 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 75 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 28 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 678 өлім жағдайы тіркелген. 27 қараша күні КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
27 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды және 30 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 82 540, өлім – 5 140, сауыққандар – 73 805. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 29 қарашаға I компонентпен 8 718 613 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 058 293 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны