31.08.2021, 17:42 4262

ҚР 31 тамызға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирусты жұқтырған 1 791 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. 31 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 30 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 789 471 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 4 322 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 376; 
 
Алматы қаласында – 1 309; 
 
Шымкент қаласында – 137; 
 
Ақмола облысында – 259; 
 
Ақтөбе облысында – 123; 
 
Алматы облысында – 359; 
 
Атырау облысында – 126; 
 
ШҚО–да – 166; 
 
Жамбыл облысында – 34; 
 
БҚО–да – 46; 
 
Қарағанды облысында – 551; 
 
Қостанай облысында – 245; 
 
Қызылорда облысында – 65; 
 
Маңғыстау облысында – 109; 
 
Павлодар облысында – 296; 
 
СҚО-да - 76; 
 
Түркістан облысында - 45.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 533 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 673 629 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
31 тамызға КВИ-ден 113 402 адам (106 538 КВИ+ және 6 864 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 25 582 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 87 820 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 791 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 475 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 216 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 30 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 9 304 өлім жағдайы тіркелген. 29 тамыз күні КВИ-ден 82 адам қайтыс болды. 
 
29 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 39 жағдайы тіркелді, 22 адам қайтыс болды және 16 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 69 732, өлім – 4 428, сауыққандар – 58 440. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 30 тамызға I компонентпен 6 629 678 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 365 824 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны