04.06.2021, 19:26 9165

Қазақстанда 4 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 4 МАУСЫМ - 2021 жылғы 3 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 391 695 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 319 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 222; 
 
Алматы қаласында - 184; 
 
Шымкент қаласында - 46; 
 
Ақмола облысында - 75; 
 
Ақтөбе облысында - 27; 
 
Алматы облысында - 53; 
 
Атырау облысында - 64; 
 
ШҚО-да - 90; 
 
Жамбыл облысында - 23; 
 
БҚО-да - 89; 
 
Қарағанды облысында - 254; 
 
Қостанай облысында - 38; 
 
Қызылорда облысында - 9; 
 
Маңғыстау облысында - 44; 
 
Павлодар облысында - 61; 
 
СҚО-да - 20; 
 
Түркістан облысында - 20.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 586 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 363 604 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 маусымға КВИ-ден 24 797 адам (24 069 КВИ+ және 728 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 9 208 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 15 589 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 572 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 124 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 75 пациент бар. 
 
2 маусымда Қазақстанда ПТР-тесті оң коронавирустан 15 өлім жағдайы (пандемия басталғаннан бері барлығы 4 022 адам қайтыс болды) және КВИ белгілері бар пневмониядан 7 өлім жағдайы тіркелді (ПТР-тест теріс). 
 
2 маусымда ҚР-да КВИ белгілері (ПТР-тест теріс) бар пневмонияның 103 жағдайы тіркелді. 
 
2021 жылдың 4 маусымына Қазақстанда 2 181 389 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 4 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Акмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары және СҚО. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны