04.11.2021, 16:00 16057

ҚР 4 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

ҚР 4 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАРАША - 2021 жылғы 3 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 944 501 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 396 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 110; 
 
Алматы қаласында - 211; 
 
Шымкент қаласында - 46; 
 
Ақмола облысында - 121; 
 
Ақтөбе облысында - 25; 
 
Алматы облысында - 89; 
 
Атырау облысында - 19; 
 
ШҚО-да - 82; 
 
Жамбыл облысында - 18; 
 
БҚО-да - 52; 
 
Қарағанды облысында - 129; 
 
Қостанай облысында - 132; 
 
Қызылорда облысында - 37; 
 
Маңғыстау облысында - 5; 
 
Павлодар облысында - 142; 
 
СҚО-да - 154; 
 
Түркістан облысында - 24.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 321 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 894 468 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 қарашаға КВИ-ден 43 397 адам (37 852 КВИ+ және 5 545 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 7 710 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 35 687 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 520 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 162 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 102 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 3 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 181 өлім жағдайы тіркелген. 2 қараша күні КВИ-ден 29 адам қайтыс болды. 
 
2 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 109 жағдайы тіркелді, 8 адам қайтыс болды және 162 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 79 948, өлім – 5 057, сауыққандар – 69 346. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 4 қарашаға I компонентпен 8 355 168 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 588 601 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны