04.01.2022, 17:03 13976

ҚР 4 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 413 адам коронавирус инфекциясымен ауырып қалды

ҚР 4 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 413 адам коронавирус инфекциясымен ауырып қалды
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 3 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 989 556 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 413 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 75, 
 
Алматы қаласында - 65, 
 
Шымкент қаласында - 61, 
 
Ақмола облысында - 37, 
 
Ақтөбе облысында - 2, 
 
Алматы облысында - 10, 
 
Атырау облысында - 20, 
 
ШҚО-да - 11, 
 
Жамбыл облысында - 3, 
 
БҚО-да - 6, 
 
Қарағанды облысында - 38, 
 
Қостанай облысында - 8, 
 
Қызылорда облысында - 4, 
 
Маңғыстау облысында - 6, 
 
Павлодар облысында - 27, 
 
СҚО-да - 27, 
 
Түркістан облысында - 13.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 311 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 961 806 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 қаңтарға КВИ-ден 16 631 адам (14 717 КВИ+ және 1 914 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 2 153 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 14 478 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 199 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 65 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 46 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен расталған (КВИ+) коронавирустық инфекциядан 13 033 адам қайтыс болды, оның ішінде 8 - соңғы тәулікте. Бір тәулік ішінде ПТР расталмаған (КВИ-) коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 3 жағдайы анықталды, 4 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 1 тамыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністерімен, бірақ ПТР теріс нәтижесімен пневмониямен сырқаттанушылықтың 84 233 жағдайы тіркелді; одан 5 223 адам қайтыс болды.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 3 қаңтарда I компонентпен 8 998 094 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 527 236 адам вакцинацияланды. 
 
3 қаңтарда Pfizer вакцинасының I-ші дозасымен: 287 639 жасөспірім, 20 191 жүкті әйел, 49 535 бала емізетін әйел егілді. ІІ-ші дозасын 120 839 жасөспірім, 7 868 жүкті әйел, 20 587 бала емізетін әйел алды. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны