Сурет: pixabay.com
Өңірлер бойынша жаңа жағдайлар тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 1, Алматыда - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
9 мамырда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды.
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 291 455 адам сауығып кетті.
11 мамырға КВИ-ден 1 215 адам (491 КВИ+ және 724 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 76 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 1 139 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 10 пациент,
- аса ауыр халде – 0 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
2022 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 490 149 адам, 2-ші компонентпен - 9 256 167 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 111 660 адам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.