05.10.2021, 17:55 46432

ҚР 5 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 1 624 жаңа жағдайы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАЗАН - 2021 жылғы 4 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 894 334 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 624 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 287; 
 
Алматы қаласында – 328; 
 
Шымкент қаласында – 54; 
 
Ақмола облысында – 54; 
 
Ақтөбе облысында – 26; 
 
Алматы облысында – 169; 
 
Атырау облысында – 19; 
 
ШҚО-да – 101; 
 
Жамбыл облысында – 44; 
 
БҚО-да – 21; 
 
Қарағанды облысында – 174; 
 
Қостанай облысында – 104; 
 
Қызылорда облысында – 12; 
 
Маңғыстау облысында – 7; 
 
Павлодар облысында – 115; 
 
СҚО-да – 93; 
 
Түркістан облысында - 16.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 257 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 832 498 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
5 қазанға КВИ-ден 58 383 адам (50 486 КВИ+ және 7 897 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 10 066 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 48 317 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 732 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 223 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 135 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 4 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 350 өлім жағдайы тіркелген. 3 қазан күні КВИ-ден 27 адам қайтыс болды. 
 
3 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы тіркелді, 12 адам қайтыс болды және 97 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 76 282, өлім – 4 868, сауыққандар – 63 517. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 4 қазанға I компонентпен 7 740 864 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 715 104 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны