08.09.2021, 18:03 4273

ҚР 8 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустың 3 639 жаңа жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 7 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 824 118 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 639 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 326; 
 
Алматы қаласында – 911; 
 
Шымкент қаласында – 145; 
 
Ақмола облысында – 217; 
 
Ақтөбе облысында – 207; 
 
Алматы облысында – 265; 
 
Атырау облысында – 80; 
 
ШҚО–да – 154; 
 
Жамбыл облысында – 75; 
 
БҚО–да – 83; 
 
Қарағанды облысында – 350; 
 
Қостанай облысында – 187; 
 
Қызылорда облысында – 98; 
 
Маңғыстау облысында – 188; 
 
Павлодар облысында – 218; 
 
СҚО-да - 79; 
 
Түркістан облысында - 56.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 894 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 734 883 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 қыркүйекке КВИ-ден 87 015 адам (79 248 КВИ+ және 7 767 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 18 333 пациент бар; -
 
 амбулаториялық деңгейде - 68 682 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 377 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 378 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 197 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 7 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 9 987 өлім жағдайы тіркелген. 6 қыркүйек күні КВИ-ден 72 адам қайтыс болды. 
 
6 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 342 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 150 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 71 646, өлім – 4 597, сауыққандар – 59 282. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 7 қыркүйекке I компонентпен 6 928 646 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 755 817 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны