08.11.2021, 13:43 11951

ҚР 8 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирусты жұқтыру саны азайды

ҚР 8 қарашаға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирусты жұқтыру саны азайды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАРАША - 2021 жылғы 7 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 949 630 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 031 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 115, 
 
Алматы қаласында - 135, 
 
Шымкент қаласында - 10, 
 
Ақмола облысында - 89, 
 
Ақтөбе облысында - 9, 
 
Алматы облысында - 34, 
 
Атырау облысында - 12, 
 
ШҚО-да - 60, 
 
Жамбыл облысында - 16, 
 
БҚО-да - 15, 
 
Қарағанды облысында - 111, 
 
Қостанай облысында - 119, 
 
Қызылорда облысында - 15, 
 
Маңғыстау облысында - 6, 
 
Павлодар облысында - 139, 
 
СҚО-да - 142, 
 
Түркістан облысында - 4.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 080 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 901 843 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 қарашаға КВИ-ден 40 856 адам (35 528 КВИ+ және 5 328 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 7 563 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 33 293 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 556 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 144 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 104 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 7 қарашаға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 12 259 өлім жағдайы тіркелген. 6 қараша күні КВИ-ден 9 адам қайтыс болды. 
 
6 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 60 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 80 356, өлім – 5 071, сауыққандар – 69 957. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 8 қарашаға I компонентпен 8 409 883 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 674 577 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны