13.12.2022, 15:52 25431

Қазақстанда 8 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда

Қазақстанда 8 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда
Сурет: Depositphotos.com
Сондай-ақ, суару арналарын реконструкциялауды көзделген

Астана. 13 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Су кеңесінің отырысында Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 8 жаңа су қоймасын салу және 16 апатты су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Бұл қосымша су көлемін жинақтауға, 124 елді мекенде су тасқыны қаупін азайтуға және 170 мың гектардан астам жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, суару арналарын реконструкциялау, магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру, сондай-ақ су ресурстарын басқаруды цифрландыру көзделген, бұл судың ысырабы мен артық шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Алдағы үш жылда біз экономикаға және азаматтарымыз үшін барынша тиімді болатын өзекті мәселелерді шешуіміз керек. Алдымен, жоғары нәтиже беретін, сондай-ақ, бірінші кезекте реконструкциялануы тиіс су құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басым жобаларды іріктеп алуымыз керек", - деді Әлихан Смайылов.


Сонымен қатар Премьер-Министр Кешенді жоспар шеңберінде су шаруашылығы саласына кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдер мен ғарыштық мониторингті қолдана отырып, судың жұмсалуын бақылау тетіктерін енгізу жөніндегі шараларды қарастыру қажет екенін айтты.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінде су саласын дамыту жоспарлары қаралғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны