09.12.2021, 13:50 58380

ҚР 9 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 683 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 9 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 683 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: gagauzinfo.md
НҰР-СҰЛТАН. 9 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 8 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 977 714 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық 28%-ға төмендеді.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 683 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 104, 
 
Алматы қаласында - 51, 
 
Шымкент қаласында - 12, 
 
Ақмола облысында - 64, 
 
Ақтөбе облысында - 3, 
 
Алматы облысында - 29, 
 
Атырау облысында - 7, 
 
ШҚО-да - 35, 
 
Жамбыл облысында - 6, 
 
БҚО-да - 20, 
 
Қарағанды облысында - 101, 
 
Қостанай облысында - 71, 
 
Қызылорда облысында - 7, 
 
Маңғыстау облысында - 5, 
 
Павлодар облысында - 81, 
 
СҚО-да - 83, 
 
Түркістан облысында - 4.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 044 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 945 529 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 желтоқсанға КВИ-ден 22 353 адам (19 371 КВИ+ және 2 982 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 4 404 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 17 949 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 349 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 85 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 60 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 желтоқсан күні КВИ-ден 12 адам қайтыс болды. 
 
7 желтоқсан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 115 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды және 207 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 209, өлім – 5 171, сауыққандар – 75 056. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 8 желтоқсанға I компонентпен 8 821 764 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 243 463 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 128 174, жүкті әйелдер - 9 325, бала емізетін әйелдер - 22 422. II дозамен: жасөспірімдер - 3 818, жүкті әйелдер - 497, бала емізетін әйелдер - 1 277. 
 
"Қызыл" аймақта: Ақмола облысы.
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны