25.02.2021, 19:40 12532

Экология министрлігі: Атырауда "Сасық сай" экологиялық мәселесі осы жазда шешіледі

Қазіргі уақытта, кәріздік тазарту құрылыстарының құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Атырау. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау қаласының "Сасық сай" бойынша экологиялық мәселесі осы жазда шешіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Атырау қаласына жұмыс сапары аясында кәріздік тазарту құрылыстарының кешеніне барды.
 

"Сасық сай" булану алқабы - Атырау облысының басты проблемаларының бірі екендігі барлығыңызға мәлім. Қаланың шет жағынан бірнеше шақырым жерде орналасқан бұл аймақты адамдар сол жерден шығатын жаман иіске байланысты атаған. Бірнеше ондаған жылдар бойы әртүрлі кәсіпорындар мен тұрғындар өндірістік және экономикалық қалдықтарды, сондай-ақ ағынды суларды ағызып тұрған. Бұл атмосфералық ауаның күкіртсутекпен ластануына әкелді. Өңір әкімдігі екі жыл бойы қаланың сол жақ жағалауы үшін кәріздік тазарту құрылыстары кешенін салу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Кешеннің қуаттылығы тәулігіне 70 000 текше метр ағынды құрайды деп күтілуде", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінде.

 
Қазіргі уақытта, кәріздік тазарту құрылыстарының құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кешен осы жылы жазда пайдалануға беріледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны