01.03.2021, 20:13 8433

Қазақстанда салауатты өмір салтының жаңа концепциясы әзірленуде

Концепцияда әрбір азаматтың салауатты өмір салты қағидаттарын ынталандырудың прогрессивті тәсілдері қаралады.
Нұр-Сұлтан. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуде, онда әрбір азаматтың салауатты өмір салты қағидаттарын ынталандырудың прогрессивті тәсілдері қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР ДСМ кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сонымен қатар, ведомство аурудың алдын алу, уақтылы диагностикалау және емдеу бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттер үшін республикада тері арқылы коронарлық араласудың 36 орталығы құрылды, оның ішінде 26-сы үшінші деңгейлі, 11-і екінші деңгейлі. 2021 жылдың 2 тоқсанында Жамбыл облысы Шу қаласының көпбейінді қалалық ауруханасында ТКА орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, елімізде 66 инсульт орталығы жұмыс істейді.
 

Өңірлерде инсульт орталықтары болса, ми қан айналымы ауруына шалдыққан азаматтарға жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туады", - деді А.Ғиният.

 
2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар бойынша онкологиялық қызметті дамыту аясында өткен жылы Маңғыстау облысында (Ақтау қ.) жаңа онкологиялық орталық пайдалануға берілді. Жамбыл облысында (Тараз қ.) онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда, оны заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен (КТ симулятор, МРТ аппараты және т.б.) жабдықтау жоспарланып отыр. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы "Облыстық онкология және хирургия орталығында" жоғары технологиялық желілік үдеткіш орнатылған. Сондай-ақ, онкопатологияны емдеуге арналған препараттар тізімі кеңейтілді.
 
Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті одан әрі дамытудың кешенді жоспарын әзірледі, сондай-ақ, 2021 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмек кешенін жетілдіру бойынша ана, бала өлімін азайту жөніндегі жедел жоспар мен Жол картасын әзірледі.
 

Жедел жоспарда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайындық мақсатында босандыру ұйымдарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жақсарту, медицина кадрларын қосымша жинақтау арқылы аудандық деңгейде перинаталдық көмектің 1 және 2 деңгейін нығайту жоспарлануда", - деп түсіндірді вице-министр.

 
Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын әзірлеген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны