12.03.2021, 19:37 10451

Алматыда алдағы демалыс күндері қоғамдық көлік жұмыс істемейді

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда алдағы демалыс күндері, 13 және 14 наурызда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және алдағы демалыс күндері, яғни 2021 жылғы 13 және 14 наурызда коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің жұмысы тоқтатылады. Жұмыс 15 наурыз, дүйсенбі күні сағат 06.00-де жоспарлы режимде қайта басталады", - деп хабарлады қалалық мобилділік басқармасы.

 
Естеріңізге сала кетейік: 10 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті. Мегаполисте карантин шаралары тағы да күшейтілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны