13.04.2021, 19:07 8165

Алматыда халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда

Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 11 130 адам вакцина салдырды.
АЛМАТЫ. 13 СӘУІР - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында эпидемиологиялық жағдай және халықты вакцинациялау туралы айтылды.
 
Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 598 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 507-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 91-і симптомсыз ауырған.
 

Қазір 7 мың төсек-орынның 6 100 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 665 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 98-і бала. Жағдайы ауыр науқастар саны 751. Орташа жағдайдағы науқастар саны 3 004. Жансақтау бөлімінде 229 адам жатыр. ӨЖЖ – 36, инвазивті емес ӨЖЖ – 77, High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді", - деп хабарлады басқармадан.

 
Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 11 130 адам вакцина салдырды. 
 

12 сәуір күні 11 130 алматылық вакцина салдырды. Ал, сәуірдің 1-12 аралығында барлығы 86 790 адам вакцина алды", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. 

 
Алматы қаласының аудандары бойынша вакцинация алған тұрғындар туралы ақпарат:
 
Алатау ауданы – 6 390 адам,
 
Алматы ауданы – 19 085 адам,
 
Әуезов ауданы – 13 240 адам,
 
Бостандық ауданы – 17 600 адам,
 
Жетісу ауданы – 3 205 адам,
 
Медеу ауданы – 12 110 адам,
 
Наурызбай ауданы – 4 785 адам,
 
Түрксіб ауданы – 10 375 адам.
 
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында КВИ-ге қарсы иммундау 100 000-нан астам адамға жоспарланған. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны