23.06.2021, 22:51 14317

Вакцинациядан өтпеген қызмет көрсету саласының қызметкерлері Қазақстанда жұмыс істеуге шектелетін болады

НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациясыз қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін жұмыста шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Біріншіден, COVID-19-ға қарсы вакцинациясыз қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар үшін жұмыс істеуге шектеулер енгізіледі, екіншіден, КВИ-ға қарсы вакцинациядан бас тартатын және КВИ-ға қарсы вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі. Үшіншіден, "Ashyq" жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба шеңберінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын жалғастыру үшін сауда нүктелерінің барлық персоналы мен жалға алушыларын вакцинациялау қажеттілігі бойынша талап енгізіледі, төртіншіден, "Ashyq" жобасына сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және азық-түлік емес базарлар енгізіледі", - деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

 
Айта кетейік, бизнес субъектілеріне жүктелетін жауапкершілік сақталады. Олар өз объектілерінде санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және "Ashyq" жобасының барлық талаптарын қатаң орындауға тиіс. Бірақ мониторинг қорытындысы бойынша ел бойынша келушілердің мәртебесін мүлде тексермеген 800-ден астам бизнес субъектісі анықталды. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен олар жобадан 2 аптаға шығарылды. 
 

Сәуірден бастап "Ashyq" арқылы 9,6 мыңнан астам карантиндік режимді бұзушылар анықталды, олардың жартысынан көбі – ПТР тесттің оң нәтижесі бар адамдар. Азаматтардың бұл санаты ел халқына нақты қауіп төндіретінін атап өткім келеді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі карантин режимін бұзушыларға 30 АЕК немесе 87 510 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салуды көздейтін қосымша ережелер қабылдады", - деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

 
Оның айтуынша, мемлекеттік органдар "Ashyq" жобасына қатысушыларды бақылауды күшейтеді, ал жосықсыз қатысушыларды жобадан шығару жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады.
 
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов брифингте COVID-19-ға қарсы екпе алмаған адамдар қашықтан жұмыс істеп, оқитындығын мәлімдеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны