05.07.2021, 21:55 8638

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия жобасы іске қосылды

Енді қалалық бюджет есебінен жылына 100-ге жуық бала оңалтудан өтеді.

АЛМАТЫ. 5 ШІЛДЕ - Елорда күніне орай Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған иппотерапия жобасы іске қосылды. Жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аутистік спектрдегі мүгедек балаларға арналған мекемелердің санын ұлғайту туралы тапсырмасына сәйкес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қорының "Қамқорлық" бастамасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі күнге дейін қалада иппотерапия қызметтерін ақылы негізде жеке мекемелер ғана ұсынған, бұл көптеген қала тұрғындары үшін қолжетімсіз болған. Енді қалалық бюджет есебінен жылына 100-ге жуық бала оңалтудан өтеді.

Жоба психоневрологиялық аурулары, ақыл-ой кемістігі, тірек-қимыл аппараты бұзылған, оның ішінде БЦП, Даун синдромы, аутизм спектрі бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды қолдауға және оңалтуға бағытталған.

"Иппотерапия" әдісі алғаш рет 1992 жылы АҚШ-та Американдық иппотерапия қауымдастығының құрылуымен бір уақытта рәсімделді. Бұл бірегей және жаңашыл жоба, оның аясында мүгедектігі бар балаларды аурудың ерте кезеңдерінде сәтті емдеуге болады.

Жобаны Paralympic Sports Association Қоғамдық қоры Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен жергілікті бюджет қаражатынан Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны