24.08.2021, 21:11 5521

МКК Грузия мен Әзірбайжаннан әкелінген автомобильдердің режимі туралы түсінік берді

Уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болады.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағына тіркеуге қойылған 156 көлік құралын анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Соңғы кездерде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына алып келу жағдайлары жиілеп кеткен", - деді ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметінде.

 
Атап өтетін жағдай, көрсетілген автомашиналардың басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелініп, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.
 

ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында ЕАЭО кедендік аумағында болуға тиіс. Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталуда", - дейді салық қызметкерлері.

 
Мысалы, жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шетел азаматтары өз көлік құралдарын әкелген соң, Қазақстан Республикасының аумағынан біраз уақыттан кейін кетіп қалуда (бұлар негізінде Грузия мен Әзірбайжан азаматтары), деп атап өтті комитетте.
 

Бұл көлік құралдары тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуге қойып, Қазақстан азаматына беру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінгені туралы пайымдауға негіз болап отыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

 
Осыған байланысты ҚР ҚМ МКК Қазақстанның барлық азаматтарына уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны