21.04.2022, 17:07 25396

Депутаттар: "құмырсқаның илеуіндей" қаптатып салынған құрылыс мегаполистердің бас ауруына айналды

Депутаттар: "құмырсқаның илеуіндей" қаптатып салынған құрылыс мегаполистердің бас ауруына айналды
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Қазақстан Халық партиясының депутаттары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, үлкен қалалардағы нүктелі құрылыспен қалай күресуге болады деген тақырыпты талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құмырсқаның илеуіндей қаптатып салынған құрылыс мегаполистердің бас ауруына айналды. Көппәтерлі тұрғын үй кешендерін тұрғызу үшін тұтас аудандардың инфрақұрылымы құрбандыққа шалынады, емханалардың, мектептердің, рекреациялық аймақтардың орнына көпқабатты үйлер салынады. Бұл қаншалықты заңды деген сұрақ үнемі назардан тыс қалады", - деді Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметінде.

 
ҚХП төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин нүктелі құрылыс мәселесінде ондаған мың адамның мүддесі бар екенін баяндап, бұл сұрақты әлем болып шешу қажеттігін айтты.
 

Азаматтық қоғамның белсенділігі ғана жетістікке жеткізеді", – деді Н.Сайфуллин.

 
Өкініштісі көп жағдайда әкімдік қол қусырып отырады. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова атап өткендей, қала билігі нүктелі құрылыс үшін жауапкершілік алмайды.
 

Әкімдіктер өздерінің әлсіздігін толық мойындайды", – деді депутат.

 
Нүктелі құрылыс әлеуметтік шиеленіске түрткі болады. Мердігерлер отқа май құяды. Олар мектептер мен емханаларға арналған даулы учаскелерде бой көтерген тұрғын үйлерді сатып, адамдарды тақырға отырғызады. Салдарынан шу шығады.
 
Кәсіби урбанист, қоғам белсендісі Олжас Біләлов құрылыс салушылар қаланың бас жоспарымен санаспайтынын алға тартты.
 

Мұндай келеңсіздік пен заң бұзушылық жүйелі түрде жасалады", – деп нақтылады Олжас Біләлов.

 
Оның сөзінше, Үкіметтің бұйрығына сәйкес, жобалар қоғамдық тыңдау өткізу арқылы жұртшылықпен талқылануы және келісілуі тиіс. Бірақ бізде мәселе біржақты тәртіппен шешіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны