26.05.2022, 16:42 21441

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 5 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 715 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
23 мамырда коронавирус белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы тіркелді.
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
26 мамырға КВИ-ден 139 адам (92 КВИ+ және 47 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 47 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 92 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 500 904 адам, 2-ші компонентпен - 9 275 139 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 351 015 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны