01.07.2022, 16:40 19766

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін сүру басталды

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін сүру басталды
Сурет: instagram/stop_postroyke12
АЛМАТЫ. 1 ШІЛДЕ - Алматыда сот шешімімен Шұғыла ш/а, Бәйтелі батыр көшесі, 24 мекен-жайдағы заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үй кешенін бұзу басталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматы қалалық сотының шешімімен Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, сот аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Ғимаратты бұзу 1 шілдеде сот орындаушыларының қатысуымен басталды", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. 
 
Салушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарылды.
 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот басқармасы да "AРТ-ТЕХНОСС" ЖШС-на заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызын қозғады", - деп хабарлады қала әкімдігі.

 
2021 жылғы 9 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Осыдан кейін қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсірді: талап арыз қанағаттандырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны