28.07.2022, 16:50 21436

Алматы қаласының тау етегіндегі элиталық тұрғын үй кешенінің қабаты бұзылады

Алматы қаласының тау етегіндегі элиталық тұрғын үй кешенінің қабаты бұзылады
Сурет: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 28 ШІЛДЕ - Алматыда салынып жатқан Pine Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ерменсай шағын ауданы 7 уч. 8/1 салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы үшінші тұрғын үй қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды. Рұқсат тек 2 қабатқа берілген", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

 
Өткен жылдың қараша айында басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Апелляциялық өтініш оң нәтиже берді. 
 
Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалуда.
 
Бұған дейін Алматыда рұқсатсыз салынған "Жайсаң" тұрғын үй кешенін сүртпекші болғаны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны