18.08.2021, 20:30 15954

Ақмола облысына Vero Cell вакцинасы келіп түсті

КӨКШЕТАУ. 18 ТАМЫЗ - Ақмола облысына Sinopharm (Қытай) компаниясының Vero Cell вакцинасы 4990 дозада келіп түсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 
Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша бұл препарат клиникалық айқын коронавирустық инфекцияға қарсы 79% тиімділікті көрсетті. Госпитализацияға қарсы тиімділік 79% құрады.
 

Екі компоненттен тұратын вакцина, әр компоненттің 4990 дозасы бар. Бүгінгі таңда тапсырыс дайындалып, вакцина медициналық ұйымдарға жіберілді. Жеткізу облыстық қоймадан аудандық және қалалық деңгейдегі қоймаларға арнайы термоконтейнерлерде авторефрижератормен жүзеге асырылады", - деп хабарлады облыстық ведомстводан.

 
Айта кетейік, халықты иммундау басталғаннан бері өңірге еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған 540-тан астам Спутник V, Qaz Vaс, Hayat Vax, Сorona Vaс және Vero Cell келіп түсті.
 
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық сарапшылардың пікірінше, вакцинация коронавирустық инфекциямен күресте жалғыз және тиімді әдіс болып табылады. 
 
Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонентпен 245 мыңға жуық адам егілсе, екіншісімен - 189 мыңнан астам адам егілді. Облыста 133 егу пункті, сондай-ақ 135 мобильді бригада жұмыс істейді. 
 
Айта кетейік, стационарлық емде 1 234 пациент бар, 125 пациент реанимацияда, 14-і өте ауыр жағдайда, 133-і оттегіне тәуелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны