04.08.2023, 20:09 57951

Ақтөбе облысында 126 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

2023 жылдың соңына дейін тағы 220 нысанды бейімдеу жоспарлануда
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысында 556 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бейімделді, оның ішінде 126-сы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді, деп хабарлайды Gov.kz.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, "Аманат" партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Кедергісіз келешек" жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 277 нысан бейімделді.

Ақтөбе облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 556-сында жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында аталға 556 нысанның 126-сының толық бейімделгені расталды.

Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

- мемлекеттік мекемелер - 26 (17 әкімдік, 3 облыстық басқарма, 6 жергілікті атқарушы орган);

- денсаулық сақтау нысандары- 21 (3 емхана, 13 аурухана, 3 медициналық орталық, 2 оқу орталығы);

- білім беру нысандары - 49 (39 мектеп, 2 университет, 5 колледж, 2 гимназия, 1 шығармашылық академиясы);

- әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары - 30 (2 пошта бөлімшесі, 10 мәдениет үйі, 6 кітапхана, 2 әлеуметтік оңалту орталығы, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 театр, 1 қонақ үй, 1 әуежай, 1 теміржол вокзалы, стадион, спорт кешені және т. б);

430 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 697 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін - 218; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін - 223; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін - 112, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін - 144.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 220 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Мемлекеттік бақылау аясында Департамент әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына

16 тексеру жүргізді, оның ішінде 13 профилактикалық бақылау, өтініш негізінде және тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс 3 тексеру.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы

14 ұйғарым беріліп, 207 мың теңгеге 1 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны