26.05.2021, 18:22 7720

Алматы Бостандық ауданының бірқатар тұтынушылары бір тәулікке ыстық судан ажыратылады

Жароков - Березовский - Розыбакиев-Өтепов көшелерінің контурларында, сондай-ақ Алмагүл және Қазақфильм шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су құйылмайды.
АЛМАТЫ. 26 МАМЫР - Алматы Бостандық ауданының бірқатар тұтынушылары бір тәулікке ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 27 мамыры сағат 08.00 - ден 28 мамыры сағат 08.00 - ге дейін Бостандық ауданы аумағындағы Жароков - Березовский - Розыбакиев-Өтепов көшелерінің контурларында, сондай-ақ Алмагүл және Қазақфильм шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су құйылмайды", - деп хабарлады компанияда.

 
Хабарламада айтылғандай, қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны