14.12.2021, 20:59 92926

Алматы әкімдігінде метроны ұзарту үшін қанша жаңа станция салынатыны туралы айтылды

Алматы әкімдігінде метроны ұзарту үшін қанша жаңа станция салынатыны туралы айтылды
Сурет: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 14 ЖЕЛТОҚСАН - Алматы әкімдігі "Алтын Орда" базары бағытына қарай түзелген метро желісі туралы айтты.
 
Қала билігі мәліметінше, "Қалқаман" бекеті Абай даңғылы бойында, солтүстік жағында, Әшімов көшесінің қиылысында орналасады.
 

Батыс бағыттағы желіні дамыту алдын ала Абай даңғылы бойымен, одан әрі Алатау даңғылының бойымен Райымбек даңғылына дейін қарастырылған", - деді Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.

 
Осылайша, Наурызбай әкімдігінен солтүстікке қарай Алатау даңғылы бойында бірінші бекет орналасады деп жоспарланған.
 
Екінші бекет Алатау даңғылы бойында, Төле би көшесі қиылысында орналасады.
 
Үшінші бекет "Барлық" базары аумағында, Райымбек даңғылының оңтүстік жағында, жол бойында орналасады.
 
Болашақ станциялардың нақты орны іздестіру жұмыстары аяқталып, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін анықталады.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны