06.12.2023, 17:30 25726

Алматы әкімі Ерболат Досаев Сурдлимпиада жеңімпаздарына баспана сертификатын табыс етті

Алматы әкімі Ерболат Досаев 24-ші Сурдолимпиада жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Грек-рим және еркін күрестен бірінші орын алған Хайратхаан Шонкуға қала әкімінің атынан үш бөлмелі пәтер сертификаты табысталды. Грек-рим күресі бойынша Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Тәжиев Асылжан 2 бөлмелі пәтерге ие болды. Дзюдодан күміс, командалық есепте қола жүлдегер атанған Нұрмұхаммед Әлдібекке 2 бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Дзюдодан құрама сапында және командалық жарыста қола жүлдегер атанған Әсел Мақсұтова, Шаяхмет Қанапиянов, Ермек Жәнібекұлы, Асхат Адамбаевқа 1 бөлмелі пәтердің сертификаты табыс етілді. Жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Рауан Бейсебайға 1 бөлмелі пәтер сертификаты берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) XXIV Сурдлимпиада ойындары өтіп, оған 73 елден 2500 спортшы қатысты. Медальдық есепте Қазақстан 11 медаль жеңіп алып, 13-ші орынға тұрақтады. Оның ішінде: 2 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде. Қазақстан құрама командасында 57 спортшы бар, оның 12-сі Алматы қаласы спорт басқармасының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының спортшылары, олар спорттың 5 түрінен (дзюдо, грек-рим және еркін күрес, жүзу, жеңіл атлетика) сынға түсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны