25.04.2022, 17:55 17481

Алматы облысы ПД экс-бастығы Күдебаев ішкі істер органдарынан шығарылды

Серік Күдебаев Алматы облыстық полициясын 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап басқарды.
Алматы облысы ПД экс-бастығы Күдебаев ішкі істер органдарынан шығарылды
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 25 СӘУІР - Бүгін БАҚ-та генерал-майор Серік Күдебаевтың ҚР Ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарады. ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
 
Серік Күдебаев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді. Алайда, 26 қаңтарда криминалдық жағдайды ескере келе кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. 
 
Серік Күдебаев Алматы облыстық полициясын 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап басқарды. 
 
Ол 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 
 
2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 
 
2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны