14.06.2024, 17:18 33191
Алматы полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті
Достарға айту
Алматы полициясы мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімдеріне байланысты қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Бұл күндері қаланың жалпы білім беретін мектептерінде мектеп бітірушілерге орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі өтуде.
Бұл күнді жағымсыз оқиғалармен есте қалдырмау өте маңызды. Сондықтан полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған бірқатар шараларды қолға алды. Қызметтер мен бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіру, жағдайдың ықтимал өзгерістеріне дер кезінде ден қою үшін біздің бөлімшеде жедел штаб құрылды. Патрульдік жасақтарды орналастыру және профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Сонымен қатар, бұл шаралар кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған", - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Сонымен қатар, Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырады.
Егеменді елімізге білімді, заңға бағынатын, дені сау, ар-ожданы жоғары жастар қажет екенін әрбір ата-ананың есіне салғым келеді", - деді, полковник Шумаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.10.2024, 16:59 14091
"Самұрық-Қазына" АҚ Ақмола облысында 4 инклюзия кабинетін ашты
Достарға айту
Самұрық-Қазына" АҚ Ақмола облысында 4 инклюзия кабинетін ашты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Жаңа инклюзивті кеңістіктер Оразақ, Қызылжар, Қараменді және Ы.Алтынсарин атындағы ауылдарда пайда болды.
Кабинеттерді жабдықтауға 87,3 млн теңге жұмсалды.
Жоба 120 ерекше қажеттіліктері баланы қамтиды.
Осыған дейін қыркүйек айында Қор қолдауымен осындай 5 кабинет Астана қаласында іске қосылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.10.2024, 14:15 15206
Астанадағы қорытынды жәрмеңке: Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының диқандары өнімдерін ұсынады
Достарға айту
Астанада 26-27 қазанда ауыл шаруашылығының соңғы қорытынды жәрмеңкесі өтеді. Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысып, 800 тоннаға жуық экологиялық таза өнім ұсынатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. .
Ақмола облысы 300 тоннадан астам жаңа өнімдер, оның ішінде ет, сүт, көкөніс және жарма өнімдерін алып келеді. Олардың арасында "Гормолзавод", "Родина", "Макинск құс фабрикасы", "Бижан", "Қазгер құс" сияқты ірі жергілікті өндірушілердің өнімдері де бар.
Қостанай облысы 402 тонна өнім ұсынбақ, оның ішінде 52 тонна ет, 95 тонна көкөніс және 40 тонна ұн бар. Сондай-ақ, республикаға және одан тыс жерлерге танымал кәсіпорындардан сүт және кондитерлік өнімдер жеткізілетін болады. Бұл кәсіпорындар арасында "Милх", "ДЕП", "Баян сұлу", "Бекиров" бар.
Ұлытау облысы 70 тонна көлемінде ет, көкөніс және сүт өнімдерін ұсыну жоспарланып отыр.
Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алу мүмкіндігінен бөлек, өңірлердің өнерпаздары қатысатын концерттік бағдарламаны да тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы жерде өтеді. Қонақтар үшін №18, 37, 303 және 323 автобустар арнайы қызмет көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.10.2024, 13:15 32136
Алматылық белсенділер тауды қоқыстан тазартып жатып
Достарға айту
Алматыда белсенділер күзгі "Таза Қазақстан" бағдарламасының "Жарқын күз" науқанын қолдап, Алмаарасан ыстық бұлағында кезекті сенбілікке жиналды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Салауатты өмір салтын ұстанушылардан құралған топ әр демалыс сайын тауға шығып, тазалық жұмыстарын жүргізеді. Қолына қолғап, қоқыс жинайтын қап алып, шынайы ниетпен іске бел шеше кіріскен олар туристер тастап кеткен бөтелкелерді, пластик қаптамаларды және экожүйеге қауіп төндіретін басқа да қоқыстарды жинайды.
Белсенділердің бірі Тимур Хасеновтың айтуынша, олардың тобы бастапқыда 2023 жылдың наурыз айында шынығу мақсатында құрылған 35 адамнан тұрады.
Біз тауға денсаулығымызды нығайту және өзенге шомылу үшін келетінбіз. Бірақ адамдардан қалған қоқыстың көп екенін көріп, қалдырмай, жинай бастадық. Осылайша, әр сенбі-жексенбі сайын тазалық жүргізуді әдетке айналдырдық. Кейін команда үлкейе түсті. Қазір біз мұны шамамен екі жыл бойы жасап келеміз, аптасына 3-4 рет топқа бөлініп, қоқыс жинаймыз. Алғашында бір пакет қоқыс жинасақ, қазір әрбір шыққанда 6-7 қаптан жинаймыз. Орта есеппен 75-80 келі қоқыс, біз арнайы қаптарды өлшегенбіз", - дейді Тимур.
Оның айтуынша, қаңтар айында ол тик-токта парақша ашып, таудағы бейнелерін жариялай бастаған. Қазіргі уақытта оның парақшасында 16 мың жазылушы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.10.2024, 15:03 40376
Астанада жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болды
Достарға айту
Республика күні қарсаңында елордадағы Байқоңыр ауданында 3 қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қоғамдық кеңістіктердің бірі С.Торайғыров көшесі, 2-үйіне іргелес аумақта, екіншісі С.Рахимов - Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында, үшіншісі Ж.Тәшенев тұйық көшесі мен Ж.Тәшенев көшесінің қиылысында орналасқан.
Торайғыров көшесінде жайластырылған гүлзардың орнында бұрын тозығы жеткен үйлер, қираған ғимараттар болған. Бүгінде ескі үйлер сүріліп, орнына тұрғындар жайлылығы үшін жаңа гүлзар пайдалануға берілді.
Тұрғындардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін футбол алаңы, workout-аймақ, беседкалар мен урналар, сондай-ақ сәндік демалыс аймағы жабдықталған. Қосымша үлкен автотұрақ орнатылды.
Сонымен қатар жарықтандыру тіректері орнатылып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
С.Рахимов - Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы гүлзар бұған дейін тозығы жеткен кеңістіктдің бірі болса, бүгінде аталған алаңда 4000-нан аса ағаш пен бұталар отырғызылып, жасыл желекті гүлзарға айналды.
Ал Ж.Тәшенев көшесінде орын тепкен келесі гүлзарда кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңартылды.
Осылайша, елорданың Байқоңыр ауданында елордалықтарға ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында 3 гүлзар тарту етілді.
Мәселен, ағымдағы жылы "Байқоңыр" ауданында барлығы 132 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Оның 60-ы кешенді абаттандыру болса, 72-сі жөндеу қалпына келтіру жұмыстары. Сондай-ақ, 22 аула аумағы - "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, 7 қоғамдық кеңістік, 4 гүлзар бой көтерді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстармен қаланың барлық аудандары, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.10.2024, 10:50 56641
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршылары өз өнімдерін Астанадағы жәрмеңкеде ұсынады
Достарға айту
19-20 қазан, осы демалыс күндері Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары елордаға 1200 тоннадан астам өнім әкеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Солтүстік Қазақстан облысы елордаға 735 тоннадан астам өнімді әкеледі. Оның үштен бірі - картоп пен көкөністер. Сондай-ақ солтүстіктік фермерлер барлық түрдегі ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, ұн, шұжық және макарон өнімдерін әкеледі.
Шығыс Қазақстан облысы елорда тұрғындары мен қонақтарын аймаққа әйгілі балмен қуантады, бұл - шамамен 70 тонна. Сондай-ақ 40 тоннаға жуық ауылшаруашылық жануарлары мен құс еті және т.б. әкеледі.
Қарағанды облысының аграршылары 400 тоннаға жуық өнім ұсынады, оның жартысы - картоп пен көкөністер. Сондай-ақ барлық түрдегі ет, елордалық дүкендерде сұранысқа ие сүт өнімдері, балық және басқа да өнімдер бар.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке барысында аталған өңірлерден келген әртістердің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Қарқаралы тас жолындағы "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етілді.
Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.10.2024, 14:23 64886
Алматыда 17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі
iPhone құрылғыларының иесіне iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту келеді
Достарға айту
Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді. Айта кету керек, iPhone құрылғыларының иесіне iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту келеді.
Ол үшін алматылықтар мен қала қонақтары құрылғысын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңармаса, оны "Баптаулар - Негізгі - Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" деп өзі жаңарту керек.
Мобильді құрылғы пайдаланушыларына "Ұлттық құлақтандыру" белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға "Президенттік құлақтандыру" белгісімен ескерту түседі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді. Бұрын хабарланғандай, екінші кезеңде iOS құрылғыларының пайдаланушылары электрондық құлақтандыру жүйесіне қосылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.10.2024, 14:56 71206
Алматыда "Наурыз" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды
Достарға айту
Алматыда "Наурыз" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан "Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл бастама тұрғын үй алуда көмекке мұқтаж халықтың неғұрлым осал санатын қолдауға бағытталған.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беруге қаражат бөлінді. Сертификат мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін, ол өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі. Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:
1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
2. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4. Көпбалалы отбасылар.
Жаңа ережеге сәйкес, сертификат алу үшін отбасының орташа табысын растау қажет, ол отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен (134 561,7 теңге) аспауға тиіс.
Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үй тапқан азаматтар "Kezekte.kz" сайтындағы ("Amanat" сервисі арқылы) тұрғын үй сертификатына өтінім бере алады. Қажетті құжаттар:
1. Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (әлеуметтік осал топтарға талап қолданылмайды);
2. Ипотекалық тұрғын үй несиесін беру туралы банктің мақұлдау хатының электрондық көшірмесі, онда несие сомасы мен ай сайынғы төлем мөлшері көрсетілуі керек.
Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады, бұл тұрғын үй көмегін алуды жылдам әрі қолжетімді қылады.
Бұған дейін тұрғын үй сертификаты тек "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары аясында берілетін, ал жаңа өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мүмкіндігін кеңейтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.10.2024, 14:50 71416
Алматыда "Қарыздарды өте, өсімпұлды есептен шығарамыз" акциясы басталды
Достарға айту
Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарыздарын айыппұлсыз өтегісі келетін жылу энергиясын тұтынушылар үшін "Қарыздарыңды, өсімпұлды есептен шығарамыз" акциясы іске қосылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Акция жылуды пайдаланғаны (ыстық су, жылу) үшін уақтылы төлемеген жеке тұлғаларға (тұрмыстық тұтынушыларға) қолданылады. Акцияға қатысу үшін осы жылдың қазан айынан желтоқсанның соңына дейін қарызды толық төлеп, "Алматы жылу желілері" ЖШС-не жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке пәтерге құқық белгілейтін құжаттардың, жеке куәлік және төлем түбіртегінің (кассалық чек) көшірмесін тіркеу қажет.
Өсімпұлды есептен шығару ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық өтеген жағдайда ғана мүмкін болады.
Көрсетілген құжаттармен мына мекенжайда орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне (КҚКО) жүгіну қажет:
* "Батыс" ҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) - "Ақсай-4" ш/а, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, е-mail: [email protected];
* "Орталық" ҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) - Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, е-mail: [email protected];
- "Шығыс" ҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді)-Төлебаев көшесі, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, е-mail: [email protected].
ҚКО-на бару мүмкіндігі болмаған жағдайда құжаттарды электрондық поштаға [email protected]. жіберуге болады.
Сондай-ақ, 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, WhatsApp нөмірі қолданылады: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).
Естеріңізге сала кетейік, берешек төленбеген жағдайда, қарызы барлар жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыздар сомасы сот арқылы мүлікке және банктік шоттарға тыйым салумен өндіріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.10.2024, 16:04Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде 23.10.2024, 21:00 84241Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді23.10.2024, 21:06 84056Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады24.10.2024, 13:03 68166Астанада LRT іске қосылуы 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған24.10.2024, 13:21 67746Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
17.10.2024, 20:16 99881ҚР Әділет министрлігі цифрлық жобаларды таныстырды17.10.2024, 20:08 99656Мемлекет басшысы № 23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды17.10.2024, 20:01 99311Мемлекеттік бюджетке 14,9 трлн теңге түсті18.10.2024, 19:13 96176Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымдарынан босатылды18.10.2024, 18:19 95571Қазақстанда шетел жоғары оқу орындарымен Стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңес құрылды