28.10.2022, 13:33 11806

Алматы тұрғындары Брекешевке лас ауаға шағымданды

Алматы тұрғындары Брекешевке лас ауаға шағымданды
Алматы. 28 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматылықтарды атмосфераның ластануы алаңдатады.
 
Қала тұрғындары "уақыт создырмай жылу электр орталықтары мен автокөліктерден шығатын көмірқышқыл газын азайтып, тұрмыс қалдықтарын өңдеуге қатысты тың жобаларды қолға алу керек" дейді.
 
Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен өткен кездесуде бұдан өзге де қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
 
Министрлік өкілдерінің айтуынша, өкінішке қарай елімізде әзірге қоқыс қалдықтарының 18 проценті ғана өңделеді. Дегенмен, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30 процентке жеткізу жоспарда бар.
 
Сондай-ақ министрмен кездесуде жұртшылық шаһарды көгалдандыру, ескі көліктердің жайы мен халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты жайттарды көтерді.
 

Жылу станциясы бойынша 2026-шы жылға дейін ГРЭС-гі станция, Алматының ішіндегі газға толық көшетін болады. Реконструкция жасап жатыр. 83 процент фракцияларын азайтуға жоспарымыз бар. Бұл бір. Екіншісі көлікке байланысты жол картасын әзірледік үкіметпен", - деді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.


Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев ауаның ластануының негізгі көздері автокөлік шығарындылары, жылу энергетикалық кешендер (ЖЭО-2, 3), газдандырылмаған үйлер және Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының саяжайлары, өндірістік кәсіпорындар болып табылатынын айтқан болатын.

Тығыздағыш нүктелік құрылыс қаланың төмен желдетілуіне себеп болады және ауаның ластану деңгейіне де әсер етеді", - деді әкім.

 
Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны