13.01.2022, 14:32 51056

Алматы әуежайы өз жұмысын қайта бастады

Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларның ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады.
Алматы әуежайы өз жұмысын қайта бастады
АЛМАТЫ. 13 ҚАҢТАР - Алматы әуежайы жұмысын қалпына келтіргеннен кейін алғашқы жолаушылар Алматы — Нұр-Сұлтан бағытында сапар шекті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларның ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады, деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
 
Комитеттің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан - Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша келесі рейстерді орындау жоспарлануда:
 
Эйр Астана
 
KС-601 Алматы (10-40) - Нұр-Сұлтан (12-25)
 
Нұр-Сұлтан (13-25) - Алматы (15-05)
 
KС-609 Алматы (16-10) - Нұр-Сұлтан (17-55)
 
Нұр-Сұлтан (18-55) - Алматы (20-35)
 
SCAT
 
DV-713 Алматы (12-00) - Нұр-Сұлтан (13-40)
 
DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) - Алматы (16-05)
 
Qazaq Air
 
IQ-353 Нұр-Сұлтан (06-55) - Алматы (08-55)
 
IQ-354 Алматы (09-35) - Нұр-Сұлтан (11-25)
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны