08.11.2022, 14:25 12391

Алматы жүргізушілеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыру ұсынылады

Алматы жүргізушілеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыру ұсынылады
Алматы. 8 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Күтіліп отырған қар мен көктайғаққа байланысты Алматының көлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыру ұсынылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
 "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, бүгін, 8 қарашада Алматыда күні бойы нөсер жаңбыр жауып, соңы сілбі қарға ұласады. 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні қалада күн күрт суытады: ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
 

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұсынамыз: жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыру; қозғалыс жылдамдығын азайту; көліктер арасындағы қашықтықты арттыру; бүйірлік аралықты сақтау; қалт бұрылыстар мен тежеулерден аулақ болыңыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны