03.06.2022, 14:18 19151

Алматыда 5 маусымда автотұрақ тегін болады

Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады.
Алматыда 5 маусымда автотұрақ тегін болады
АЛМАТЫ. 3 МАУСЫМ - Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады.
 
Alan Parking және "Алматыспецтехпаркинг" компанияларының мәліметінше, 5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді.
 
Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады.
 
Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады.
 
Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
 
Ақпарат көзі: almaty.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны