21.01.2025, 16:09 89801
Алматыда екі күн қалың қар жауады
Достарға айту
22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде Алматыда қар жауады, кейде қатты жауады деп болжануда, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді:
• 22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;
• 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.
Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақтылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.
Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.
Құрметті жаяу жүргіншілер!
Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.02.2025, 10:34 5601
"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде
Достарға айту
Zhastarmen жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тарта отырып, есірткіге қарсы құқық бұзушылықтармен күресті белсенді түрде жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жақында Алмалы ауданында өткізілген торуылдаулар (рейдтер) студенттердің, Полиция департаментінің және ҚР ҚМА Кинологиялық орталығының өзара іс-қимылының тиімділігін көрсетті.
Есірткі құқық бұзушылық картасы негізінде ұйымдастырылған бірлескен торуылдау аясында есірткі құралдарын жасырын белгілеушілер ұсталды.
Олардың біреуінен тыйым салынған заттың 40 орамы тәркіленді, бұл ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болды.
Сондай-ақ торуылдауға қатысушылар ғимараттарға салынған 100-ден астам наркограффитіні жойып, есірткі жарнамасын таратқан адамдарды ұстады.
Есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жалғасуда және "Zhastarmen" жобасы барлық адамдарды сырт қалмай, қоғамдағы позитивті өзгерістердің бір бөлігі болуға шақырады!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:20 5851
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды
Достарға айту
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның "Махаббатым өзімде" өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.
Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.
Әннің премьерасы "Qazaq Radiosy" және "Shalqar Radiosy" радиостанцияларының эфирінде орындалды.
Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:04 29146
Ұлттық парктегі көлдердің айдындарында көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынды
Достарға айту
Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығымен бекітілген "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларына" сәйкес, Ұлттық парктердің су айдындарында, соның ішінде Бурабай көлінің бетіндегі мұз басқан айдында квадроциклмен жүруге тыйым салынғанын хабарлайды.
Бурабай" МҰТП дирекциясы Ұлттық парк аумағында бизнестің мұндай түрін жүргізуге рұқсат берілмегенін еске салады. Суқоймалардың маңында "Көлге кіруге тыйым салынады" ақпараттық тақталар орнатылған.
Күн сайын Ұлттық парктің инспекторлық құрамы Ақмола облыстық полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 факті тіркелді. Барлық жағдайда көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.
Бурабай" МҰТП ұжымы Ұлттық саябаққа келушілерден табиғатқа жанашырлық танытуды, ықтиятпен қарауды сұрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 17:38 39821
Елордада 8-9 ақпанда демалыс күнгі жәрмеңке өтеді
Достарға айту
Астанада 8-9 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары жеміс-жидек пен көкеніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын, жем және т.б. сатып ала алады.
Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:29 59311
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында альт музыкасына арналған концерт өтті
Достарға айту
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстанның танымал альтисті, профессор, "Құрмет" орденінің кавалері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды (1934-2007) еске алуға арналды.
Кешке Я. Фудиманның шәкірттері, музыканттар және альт музыкасын сүйіп тыңдаушылар жиналды. Яков Фудиман музыка саласында мол мұра қалдырған тұлға. Сондай-ақ, ол 150-ден астам студент тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жетекші педагогтар мен артистер бар.
Яков Фудиманды еске алу кеші - концерт қана емес, маэстроның Қазақстандағы альт өнерін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шара болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:18 59621
Қаңтарда Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді
Достарға айту
Қаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді. Бұл бастапқы болжамнан 100 млн текше метрге артық. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарын аралады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Нұржан Нұржігітов Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Министр аймақты қажет су көлемімен толық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Былтыр біз көрші елдермен белсенді келіссөз жүргіздік, осының нәтижесінде еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Біз "Қазсушар" мекемесінің жергілікті дихандармен жасаған келісімшарттарының қаншалықты орындалғанын мұқият тексереміз. Атап айтқанда, келісімшартсыз су беру арқылы заң бұзушылық фактілері бар-жоғын анықтаймыз. Осыған дейін облысқа министрліктің Ішкі аудит департаментінің өкілдері келген болатын. Дүйсенбіден бастап біздің мамандардан жасақталған тағы бір жұмыс тобы тексеріс бастайды", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Түркістан облысының тұрғындары министрге ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, суармалы суды бөлу, су беру жөніндегі келісімшарт жасау, жаңа су қоймаларын салу, білікті мамандарды даярлау және шаруаларға субсидия беру жөнінде сұрақтарын қойды.
Азаматтармен кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов Шардара су қоймасының жай-күйі мен 2023 жылы реконструкциядан өткен бөгетінің жұмысын тексерді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 19:52 65156
Астанада өткен демалыс күндері арнайы рейд барысында 800-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Достарға айту
Құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында Астананың барлық ауданында компьютерлік клубтарда, кинотеатрларда, жатақханаларда, ойын-сауық орындарында және басқа да нысандарда жаппай рейдтер жүргізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Құқықтық тәртіп" шарасын жүзеге асыру аясында қалада жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Астана қаласының Полиция департаменті мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері заң бұзушылықтарды анықтау және профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында компьютерлік клубтарды, кинотеатрларды, жатақханаларды, ойын-сауық және басқа да мекемелерді тексерді.
Қалада "Құқықтық тәртіп", "Қауіпсіз қала" және "Күнделікті өмір" қоғамдық іс-шараларының өткізілуіне байланысты жергілікті орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Полиция департаменті мен аудандық бөлімшелердің жеке құрамы елорданың едәуір бөлігін, оның ішінде жеке секторды, тұрғын үйлерді және т.б. аумақтарда тексерулер жүргізді. Іс-шаралар барысында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар жүргізілді. Операцияға арнайы жасақ - СОБР мен Ұлттық ұлан да жұмылдырылды", - деді Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков.
Рейдтік іс-шаралар барысында 800-ге жуық түрлі қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар ішу, кальян шегу, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қалуы және т.б. белгілі болды.
Барлық құқық бұзушы айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Демалыс және мереке күндері белсенділік арта отырып, рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.
Айта кету керек, Астана қаласы прокуратурасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелері мен ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:38 102806
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 1-2 ақпанда өтеді
Достарға айту
Астанада 1-2 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.02.2025, 09:43Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды 10.02.2025, 10:15 19631Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді10.02.2025, 11:23 18146Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді - ІІМ10.02.2025, 11:25 18121Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді10.02.2025, 09:57 12976Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды
06.02.2025, 17:46 113471Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды06.02.2025, 17:43 112396Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды07.02.2025, 16:21 102061Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді07.02.2025, 16:23 101876Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр07.02.2025, 16:26 101666Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
24.01.2025, 16:38 134581Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131821Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 131516Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 128856Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 121371Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады