26.07.2023, 17:48 22301

Алматыда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жасалды

Алматыда 27 шілде күні ауа райы 37-39 градусқа жетеді
Қазгидромет Алматыда алдағы күндері күннің қатты ысуы мен жаңбыр, найзағай және жел туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің 26 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде Алматыда 27 шілде күні ауа райы 37-39 градусқа жетіп, 28 шілдеде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілетінін хабарлайды. Осыған орай ТЖД ескерту жариялады.

Батыс жақтан соғатын қатты жел екпіні секундына 18 -23 метрге жетеді. Қатты жел кезінде автокөлікті ағаштардың, электр желілері мен басқа да әлсіз бекітілген құрылымдардың астында қалдырмауды сұраймыз. Тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспаңыз. Себебі электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін.


Балаларды автокөліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз",- деп ескертті Алматы қалалық ТЖД.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны