23.07.2023, 21:56 32126

Алматыда Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағының жолын жөндеу жұмыстары басталды

Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді
Алматыда Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағының жолын жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әл-Фараби даңғылының ШААЖ-нан Сейфуллин даңғылына дейінгі аумақты орташа жөндеуден өткізу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысын арттыру үшін келесі шаралар қолданылады:

- 22 шілде сағ: 23:00-ден 24 шілде 07:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағында полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі;

- 23 шілде 07:00-ден 00:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен ШААЖ-нан (Жарбұлақ өзені маңы) Марков көшесіне дейін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Даңғыл бойынша шығыс және батыс бағыттағы көлік жолағының санын қалыптасқан көлік жағдайына қарай патрульдік полиция қызметкерлері анықтайды;

- қараңғы уақытта жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін 24 шілде сағ. 00:00-ден 07:00 аралығында даңғыл бойынша батыс бағытта (ШААЖ-нан) көлік қозғалысы толығымен шектеледі;

- 22 шілде 23:00-ден 24 шілде 07:00 аралығында Достық, Назарбаев даңғылдарынан, Меңдіқұлов бульварынан, Батыс Желтоқсан көшесінен әл-Фараби даңғылына бұрылыстар батыс бағытта жабық болады. Жөндеу жұмыстарын Достық, Сейфуллин даңғылдарымен және Сәтбаев көшесімен айналып өтуге болады.

- ШААЖ-нан Достық даңғылына бұрылатын жол ашық болады.

Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны