22.05.2024, 17:14 68261

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Суретшілер, дизайнерлер, музей мамандары, кітапханашылар, хореографтар, акробаттар, солистер және шығармашылық топтардың мүшелері мен әр түрлі жанрдағы артистер мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

40-қа жуық маман "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Сіздердің ел үшін жасап жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке ие. Мемлекетіміздің, оның ішінде Алматы қаласының мәдениеті мен өнерін дамытуға, халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттауға өлшеусіз үлес қосып, өздеріңізге жүктелген міндеттерді үлкен абыроймен атқарып келесіздер.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор алғыс айта отырып, алдағы уақытта да ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға бағытталған жаңа жарқцн жобаларды жүзеге асырасыздар деп кәміл сенемін", - деді марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.


Марапатталған мамандардың тізімі Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны