26.08.2021, 18:04 9015

Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылындағы қозғалыс уақытша жабылады

АЛМАТЫ. 26 ТАМЫЗ - Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылындағы қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында метрополитеннің "Достық" станциясының салынуына байланысты автокөлік қозғалысының схемасына өзгерістер енгізілетін болады.
 

2021 жылдың 27 тамызында сағат 22.00-ден 2021 жылдың 28 тамызында сағат 22.00-ге дейін Абай даңғылы бойымен батыс және шығыс бағытта Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейін қозғалыс тоқтатылады", - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасында.

 
Абай даңғылынан барлық аулаларға кіру және шығу жолдары ашық болады.
 
Момышұлы көшесі мен Саин көшесі бойынша қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асырылады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны