13.08.2021, 19:26 11597

Алматыда тағы 114 карантин бұзушыға айыппұл салынды

Барлық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (87 мың 510 теңге) айыппұл төледі.
АЛМАТЫ. 13 ТАМЫЗ - Карантинді бұзғаны үшін 114 алматылыққа айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, бұзушылар Ashyq қосымшасы арқылы анықталған. QR кодын сканерлеу олардың "қызыл" мәртебесін көрсетті.
 
Барлық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (87 мың 510 теңге) айыппұл төледі.
 
Фамилиялардың толық тізімі департаменттің сайтында жарияланған.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы бұрынғыдай "қызыл" аймақта қалып отыр. Соңғы тәулікте қалада 1 507 КВИ ауруы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны