22.04.2024, 16:29 95791

Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі

Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі
Сурет: gov.kz
2024 жылғы 24 сәуірден 15 мамырға дейін Алматының барлық аудандарының аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау жүргізілетін болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұл күндері күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін магистральдық және тарату құбырларын тексеру тікелей жүргізілетін кезде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына өте мұқият болуға, қарапайым сақтық ережелерін сақтауға кеңес береміз!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, кенеттен оқыс жағдайлар болып қалуы мүмкін: судың сыртқа ағуы,жол жабындысының ішінара бұзылуы және т.б.

Мұндай оқыс жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлаңыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны