02.08.2023, 13:01 37276

Алматының Медеу ауданында су әлі де кесте бойынша беріліп жатыр

Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне суды кесте бойынша беруге қатысты енгізілген мәжбүрлі шаралар сақталуда

Алматы Су" МКК мамандары жүргізген зертханалық талдаулар тәуліктің түнгі және таңертеңгі уақытында судың лайлану көрсеткішінің 16-дан 40 мг/л-ге дейін төмендегенін көрсетті. Бұл көрсеткіштер, Кіші Алматы өзенінен суды осы уақыттарда алуға және тазартуға жіберілетін су көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді",-деп хабарлайды ҚазАқпарт "Алматы Су" мекемесіне сілтеме жасай отырып.


Дегенмен, Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне суды кесте бойынша беруге қатысты енгізілген мәжбүрлі шаралар сақталуда.

Резервуарларға су жинау үшін биылғы 27-шілдеден 2-ші тамызға дейін су беру мен тоқтатудың уақытша кестесі әзірленді.

1 және 2 тамызда су беру келесі кесте бойынша жүргізіледі:

- сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін - әл-Фараби, Луганский, Чайкин, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйлер.

- сағат 19.00-ден 24.00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушылар, оның ішінде "Юбилейный" шағын ауданы, Каменское плато, "Европолис" ТК, "Әлем қалашығы", "Алмалы" ТК, Керей - Жәнібек хандары көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер.

- сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 24.00-ден 07.00-ге дейін резервуарларға су жинау жүргізіледі.

Бұрын хабарланғандай, Алматы өңіріндегі аптап ыстықтан Кіші Алматы шатқалында тау басындағы қар жамылғыларының қарқынды еруі Кіші Алматы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне, жағалаулардың шайылуына және жергілікті селдердің жүруіне әкелді. Өзендегі судың лайлануының жоғарылауы санитарлық нормаларға сәйкес тазарту жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Медеу ауданында сумен жабдықтау схемаларын қайта реттеу Горный гигант шағын ауданында су беруді ұлғайтуға және Қаппаров, Жамақаев, Иванилов көшелеріндегі тұрғын алаптарын толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны