29.07.2022, 16:00 23546

Алматының Наурызбай ауданында заңсыз салынып жатқан тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі

Сот Алматының Наурызбай ауданындағы "Qadam" тұрғын үй кешенін бұзу туралы оң шешім шығарды.
Алматының Наурызбай ауданында заңсыз салынып жатқан тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі
Сурет: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 29 ШІЛДЕ - Сот Алматының Наурызбай ауданындағы "Qadam" тұрғын үй кешенін бұзу туралы оң шешім шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
 

4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша "Qadam ТК" ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енуі күтілуде", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

 
Ведомствода жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алатынын еске салды: +7 (727) 229-81-36.
 
Бұған дейін Алматыда Наурызбай ауданында заңсыз салынып жатқан "Жайсаң" тұрғын үй кешені бұзылатыны хабарланған болатын. Ол рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылды.
 
Сонымен қатар, Алматының тау бөктеріндегі элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты бұзылады.
 
Алматыда сот шешімімен Шұғыла шағынауданы, Байтелі батыр көшесі, 24 мекен-жайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзуға кірісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны