26.01.2023, 11:42 71311

Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады

Бірқатар жаңғырту жобаларды 2024 жылдың соңына дейін іске асыру 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Алматы. 26 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарын сумен жабдықтау және кәріз желілерін жаңғырту туралы хабардар етті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Досаевтың айтуынша, өткен жылдың маусым айында ауданның ең проблемалы 4 учаскесінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға және жаңғыртуға жобалау басталды: бұл Достық, Мамыр-4, шағын аудандары, "Саин - Шаляпин - Жандосов - Қарғалы өзені" көшелерінің бөлігі, Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі.

Осы учаскелерінде су құбыры желілері мен кәріз жүйесі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Қазір оның 80%-дан астамы тозған", - деп атап өтті әкім.


Ол сондай-ақ қараша айының соңында Достық шағын ауданындағы 22 көше бойынша жоба сараптамасының қорытындысы алынғанын айтты. Желілердің құрылысы биыл 2-ші тоқсанда басталады.

ЖСҚ аяқтап, сараптама алынады:

- Мамыр-4 шағын ауданы - биыл маусымда;

- Арычная, Ықылас, Западная көшелері - наурыз. Құрылыс биыл III тоқсанда басталады;

- Саин - Шаляпин - Жандосов - Қарғалы өзені - тамыз. Құрылыстың басталуы - 2023 жылғы IV тоқсан.

Осы жобаларды 2024 жылдың соңына дейін іске асыру 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Ерболат Досаев.


Бұған дейін ҚР бірқатар өңірлерінде кәріз тазарту құрылыстарының тозуы 90%-дан асатыны хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Мыңбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысында су құбырында үлкен апат болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі 1972 жылы пайдалануға берілген су құбырының тозуы болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны