29.04.2022, 19:06 23606
Қаржы пирамидасы ісі бойынша ұсталған вайнерлерге қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін 2 ай мерзімге ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 күнге қамауға алынғаны хабарланған болатын. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Mudarabah Capital ісі бойынша күдікті вайнерлер неге қамауға алынбағанын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бүгінде 169 жәбірленуші бар, келтірілген залал мөлшері 2 миллиард теңгедей. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылған, оның ішінде танымал вайнерлер мен блогерлер де бар. Алтауы қамауда, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілзат кепілімен болған.
Блогерлер мен әртістер қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла бастайды.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2026, 10:04 3921
Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құрметті достар! Қазақ руханиятының қара шаңырағы- Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын! Ғасыр бұрын "Еңлік-Кебекпен" ашылған қасиетті шымылдық содан бері талай дәуірді артқа тастап, ұлттың тағдырлы кезеңдерін, арман-мұратын сахна тілімен сөйлетіп келеді. Киелі сахнада қазақ драматургиясының інжу-маржанына айналған "Абай", "Қобыланды", "Қарагөз", "Айман- Шолпан" және өзге детуындылар сахналанды. Өнер ошағы Алматыға қоныс аударып, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, кейін оған Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Бүгінде "Ұлттық" мәртебеге иетеатр әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келеді. Театр бүгінде ұлт өнерін өркендетіп, дәстүр сабақтастығын сақтап, үлкен шығармашылық орда қалыптастырып отыр. Театр ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін",- делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 12:15 4161
Жетісу облысының прокуратурасы "Ардагерлер саябағына" іргелес жатқан жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтарды
Достарға айту
Cотпен Талдықорған қаласы прокурорының "Ардагерлер саябағына" іргелес орналасқан жалпы ауданы 4,1 гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін заңсыз деп тану және аталған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы талап арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қадағалау іс-шаралары барысында көрсетілген жер учаскесі орман-саябақ аймаққа жататыны және 2006 жылы заң талаптарын бұза отырып жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.
Кейіннен жер учаскесі 44 жеке учаскеге бөлініп, 13 тұлғаға сатылған.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Жетісу облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы аумақтарды сақтау бағытындағы жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 10:45 43586
М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік
Сурет: Instagram/reporterkz
Достарға айту
Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар БАҚ-та пайда болған М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Министрлік мәліметінше, театрды жаңарту жұмыстары тоқтамаған.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді. Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады", - деп хабарлады министрліктен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 09:41 43831
Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Өткен жылдың желтоқсан айында ел тұрғындары радиохирургиялық ем алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 5,6 млрд теңге қаражаттарын алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
2025 жылдың желтоқсан айында радиохирургиялық емдеу әдістеріне төлем тағайындаумен біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 7 154 өтініш қаралды. Сөз сәулелік терапияның гамма-пышақ және киберпышақ сияқты әдістері (олар арқылы мысалы, ісік аурулары бар науқастарға операция жасалады) жайында болып отыр. Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы шамамен 5,6 млрд теңге. Бір айдың көрсеткіші бағдарлама қолға алынған уақыттан бергі барлық нәтижеден айтарлықтай жоғары: 1 желтоқсанға дейін бұл санат бойынша жалпы нәтиже 548 млн теңге сомасына іске асырылған 507 өтінім болды. Сыртқы белсенділік күрт емес, бірақ кезең-кезеңмен арта бастады: 236 өтініш 204 миллион теңгеге орындалды, ал 2025 жылы орташа айлық көрсеткіш бұрын-соңды 10 деңгейіне жетпейтін", - делінген аталған орталықтыңTelegram парақшасында жарияланған ақпаратта.
Орталықтың мәліметінше, елтұрғындары бұған дейін стоматологиялық қызметтер үшін зейнетақы қорынан қаражаттарын көптеп шешіп алды.
Алайда, бұл салада алаяқтық белгілерінің байқалуына орай өткен жылдың қыркүйек айында оған тыйым салынды. Қарашада пластикалық отаға қордан ақша алу күрт артып, бұл қызмет түрі үшін де БЖЗҚ-дан ақша алуға тыйым енгізілді.
Ал қазіргі уақытта ел тұрғындары зейнетақы қорынан жоғарыда аталған радиохирургиядан бөлек орфандық ауруларға, радионуклидтік және радиойодтық, протондық емдеуге ғана қаражаттарын ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 19:04 48126
Әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруді жергілікті денсаулық сақтау органдары жүргізеді
Достарға айту
Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандарынан құралған дәрігерлік комиссиялар әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексеруден өткізіп, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы - облыс әкімінің орынбасары.
Шақырылатын азаматтардың тізімін жасау, шақыртуларды жіберу және шақырылым іс-шараларын ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарының міндетіне жатады. Әскерге шақырылған азаматтар комиссиясының шақыруымен жиын пунктіне келуге міндетті.
Егер шақыртуды жеке тапсыру мүмкін болмаса, азаматтарды жеткізу міндеті ішкі істер органдарына жүктеледі. Олар әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздеп, жеткізумен айналысады.
Жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп әскерге шақыру ережесін бұзған азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Шақырылған азаматтар жиын пунктінде өзінің әскерге жарамдылық мәртебесі бойынша тексеруден өтеді.
Медициналық тексеру денсаулық сақтау органдарының мамандары арқылы жүргізіліп, сарбаздардың денсаулығы бағаланады, жарамдылық категориясы анықталады және олардың мерзімді әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылданады.
Заңды негіздер болса, азаматтарға әскерден кейінге қалдыру немесе босату беріледі. Басқа жағдайларда олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлерге және әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке жіберіледі.
Айта кетейік, 18-ден 27 жасқа дейінгі, әскерден кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ азаматтарды әскерге шақыру жылына екі рет - наурыздан маусымға және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 13:37 48576
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 490 мыңға жуық тапсырыс берді
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 489,8 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және
т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 21:02 80006
Nestle өнімдері Қазақстан нарығынан кері қайтарылып жатыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Нестле Фуд Қазақстан" ЖШС Қазақстан аумағында сақтық шарасы ретінде балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Inform.kz.
Компания мәліметінше, кері қайтарып алу құрғақ тез еритін сүт және қышқыл сүт қоспаларына, сондай-ақ аминқышқылдары негізіндегі емдік диеталық қоспаның белгілі бір партияларына қатысты. Бұл шешім сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта цереулид токсинінің болуы мүмкін деген ықтимал қауіпке байланысты қабылданған.
Нестле Фуд Қазақстан" уәкілетті органды хабардар етіп, қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Өнімді қайтару және қаражатты өтеу тәртібі туралы мәлімет жақын арада жарияланады.
Компанияның хабарлауынша, кері қайтарып алу тек шектеулі партияларға ғана қатысты және Қазақстанда сатылатын балалар тағамының басқа өнімдеріне әсер етпейді.
Қосымша ақпарат алу үшін тұтынушылар тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне хабарласа алады: 8 800 080 55 44.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 21:51 85891
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Достарға айту
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады.
Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында ақау тіркелген жоқ, телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеді.
Байланыс операторларының ақпараты бойынша, жекелеген пайдаланушылар интернет сапасының уақытша төмендеуіне тап болуы мүмкін.
Бұл бірқатар факторларға, соның ішінде келесі себептерге байланысты болуы ықтимал:
- базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;
- радиоортаның ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;
- желіні бір уақытта көп абоненттің пайдалануы;
- желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүргізу.
Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелер жұмысы ақаусыз жалғасты. Жалпы ел бойынша интернет тұрақты жұмыс істеді.
Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, желілердің жұмысына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда операторлар шұғыл түрде техникалық шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2026, 09:52Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды 13.01.2026, 08:51 94112025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді13.01.2026, 11:01 6686Қазақ-словен экономикалық дипломатиясының жаңа серпіні13.01.2026, 12:30 6636Су арналарын цифрландыру: елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн "ақылды" су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі13.01.2026, 10:45 5371Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады
06.01.2026, 20:48 199461Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 178501Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178366Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады06.01.2026, 20:02 151841Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті08.01.2026, 10:10 1104512026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
17.12.2025, 17:47 232511Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 228011Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226316Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223311Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214326Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

