27.04.2022, 18:30 14456

Блогерлер мен әртістер қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла бастайды

Блогерлер мен әртістер қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла бастайды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әртістер қылмыстық жауапқа тартылады. Парламент депутаттары тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді.
 

Қаржы пирамидаларының берген уәдесіне адамдар сеніп, соңғы ақшасын апарып береді. Сөйтіп аяғында қиын жағдайларға ұшырап жатады. Өткенде үлкен қиын жағдай болды. Бір әйелдің өзін-өзі өртегеніне куә болдық. Сондықтан біз, парламент депутаттары, заң жобасын жасап шықтық. Таяу уақытта бұл заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар", - деді Қошанов Мәжіліс кулуарында.

 
Оның айтуынша, заң қабылданса, қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
 

Қоғамға белгілі адамдар, әртістер, вайнерлер, әсіресе алаяқтық екенін біліп тұрып жарнама жасаса, көмектессе, олар қылмыстық жауапқа тартылады", - деп нақтылады Мәжіліс спикері.

 
Қошанов аталған заң биыл қабылданып қалуы мүмкін екенін айтты.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны