13.05.2021, 22:51 10461

Вакцинацияланған қазақстандықтарға Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебе беріледі

НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - Ashyq жүйесін қазақстандықтардың вакцинация паспорттарымен шілде айына дейін біріктіру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина хабарлады.
 

Вакцинация паспорты интеграцияланатын болады, қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп техникалық жұмыстар жүргізілуде. "Жасыл" мәртебенің түсі екі компонентпен вакцинацияланғандардың барлығында болады", - деп жазады Kazpravda.kz басылымы Уразалинаның сөздерін келтіріп.

 
Ол сондай-ақ "жасыл" мәртебесі бар жолаушылар ПТР ұсынбай ҚР шекарасын кесіп өте алатынын атап өтті.
 
Өз кезегінде, Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысов бұл мәселені қысқа мерзімде шешу жоспарлары туралы мәлімдеді.
 

Вакцинация паспортына келетін болсақ, бізде 1 шілдеге дейін уақыт бар, бірақ вакцинаны алған адам "жасыл" мәртебеге ие болуы үшін барлық техникалық мәселелерді ертерек жабуға тырысамыз", - деді Тұрысов.

 
Естеріңізге сала кетейік, "Жасыл" мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда COVID-19 теріс нәтижесімен ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Ақпарат көзі: kazpravda.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны