24.05.2021, 23:45 6997

ЦДИАӨМ: Ashyq пайдаланушыларының дербес деректері үшінші тұлғаларға берілмейді

Пайдаланушы келісімінде барлық қажетті жұмыстар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде.
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ брифингінде Ashyq жүйесін пайдаланушылардың дербес деректері үшінші тұлғаларға берілмейтініне сендірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Пайдаланушы келісімінде барлық қажетті жұмыстар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде, ал қолданыстағы заңнама бойынша деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес, бұл біріншіден. Екіншіден, біз серіктестерімізге түзетілуі қажет барлық ескертулерді жасадық - жақын арада олар түзетіледі және жаңа пайдаланушы келісімі пайда болады. Бұл басқа қосымшалардағыдай көпшілік оферта. Бірақ бұл жағдайда "Ashyq"-тағы пайдаланушы келісімі қолданылатын болады", - деп сендірді ведомство өкілі. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны