15.06.2021, 17:59 17530

Ashyq көмегімен COVID-19-ға ПТР-тестінің оң нәтижесімен 4 мыңнан астам бұзушы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Ashyq енгізілген сәттен бастап CОVID-19-ға ПТР-тестінің оң нәтижесімен 4 401 бұзушы анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ashyq енгізілген сәттен бастап ПТР тестінің оң нәтижесімен 4 401 және ауырған адаммен байланыста болған 3 981 адам анықталды. Өкінішке орай, кейбір азаматтар өздерінің мәртебесін біле отырып, үйде оқшаулау режимін сақтамайды, халық көп жиналатын нысандарға баруға, ел ішінде қозғалуға тырысады, осылайша басқаларға жұқтыру қаупін тудырады және коронавирустың таралуына ықпал етеді", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.

 
Осыған байланысты Министрлік карантиндік режимді бұзушылар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын, оның мөлшері 87 мың теңгеден асатын ережелерді бекітіп, күшіне енгізді.
 

Бүгінгі таңда Ashyq жүйесі барлық қызмет саласындағы 10 мыңнан астам нысанды қамтиды, 2 млн 100 мың пайдаланушы тіркелген. Вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен біріктірілуде. Маусым айының соңына дейін Ashyq жобасын әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізу жоспарлануда", - деді министр.

 
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар Ashyq қосымшасы бойынша ХҚКО-ға бара алады. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезекті брондамай-ақ ала алады. Қалалардың әрбір фронт-офисінің кіреберісінде сканерлеу үшін арнайы дербес QR код ілінген. Егер азаматтардың смартфонында Ashyq қосымшасы болмаса, олар таяуда ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Тіпті аталған қосымшалар болмаған жағдайда, азаматтардың мәртебесін ХҚО қызметкері ұсынған ЖСН бойынша анықтай алатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Ashyqбұзушы

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны